10 ақпанда технологиялық пәндер апталығы аясында колледжде «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша WorldSkills колледжішілік чемпионаты өтті

Жарысқа 2 курстың 9 студенті қатысып, кондитерлік өнімдерді жасауда өздерінің кәсіби дағдыларын, шығармашылығы мен шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар өз жұмыстарының дизайнында жоғары дайындық деңгейін, дәлдігі мен өзіндік ерекшелігін көрсетуге тырысып, толықтай жұмыс жасады.

Конкурстық тапсырмаларды шақырылған сарапшылар — өз ісінің мамандары бағалады, олар технологиялардың сақталуын, орындалу сапасын және дайын бұйымдардың тұсаукесерін мұқият қадағалады:

Бас сарапшы – Фролов Андрей Евгеньевич «Рестораторлар мен қонақүйлер қауымдастығы»

Рубан Лариса Леонидовна – «Сластёна» кондитерлік цехының директоры

Жумалеева Алена Владимировна – «Itakeli» отбасылық мейрамханасының директоры

Толокулов Адилет Бектурсунович – «Tabiti» мейрамханасының бас аспазы

Каргабаев Каиржан Орынбаевич – «Royal Palace» мейрамханасының бас аспазы

Чемпионат студенттерге өздерін көрсетуге, құнды тәжірибе жинауға және кәсіби өсуге тағы бір қадам жасауға тамаша мүмкіндік болды.