WorldSkills Kazakhstan-2025

3-9 желтоқсан аралығында Астанада WorldSkills Kazakhstan-2025 X Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Өңірлерден келген 825 қатысушы мен 719 сарапшы өз дағдыларын көрсетті.

Чемпионат дәстүрлі түрде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және кадрларды даярлау сапасын жақсарту мақсатында өткізіледі.

Біздің колледж студенттері төрт құзыреттілік бойынша Чемпионатқа қатысты: «Кондитерлік іс», «Аспаздық іс», «Кірпіш қалау», «Сантехника және жылыту». Екі құзырет бойынша студенттер медальондармен марапатталды!

🏅Дундукова Татьяна «Аспаздық іс» құзіреті

🏅 Кузнецов Кирилл «Сантехника және жылыту» құзіреті