Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай 2025 жылғы 02–15 желтоқсан аралығында Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің Лингвистикалық орталығы колледждің барлық мамандықтарының 1-курс студенттері арасында «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында эссе байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
жастардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру, өз мемлекетінің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу;
туған өлкенің даму тарихын тереңірек зерделеуге қызығушылықты арттыру;
студенттердің өзіндік зерттеу қызметін ынталандыру;
дарынды жастарды анықтау және қолдау.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдар мен сертификаттармен марапатталды.
Мемлекеттік тілде жазылған эсселер бойынша:
І дәрежелі диплом – 117 тобының студенті Косоурова Юлия (жетекшісі Шаяхметова Т.А.);
ІІ дәрежелі диплом – 134 тобының студенті Кричиневская Виктория (жетекшісі Жандильдина Қ.Б.);
ІІІ дәрежелі диплом – 162 тобының студенті Марчук Дарья (жетекшісі Bektenova B.O.).
Орыс тілінде жазылған эсселер бойынша:
І дәрежелі диплом – 114 тобының студенті Бабакехян Нелли (жетекшісі Имантаева А.К.);
ІІ дәрежелі диплом – 112 тобының студенті Усольцева Елена (жетекшісі Мырзабаева Д.Б.);
ІІІ дәрежелі диплом – студент Тілеуберген Кәмила (жетекшісі Мырзабаева Д.Б.);
Сертификат – 133 тобының студенті Жомарт Бибарыс (жетекшісі Bektenova B.O.).


