2026 жылғы 5 қарашада Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжатқа СҚО полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Руслан Самарбекович Назаров және колледж директоры, техника ғылымдарының кандидаты Агибай Багыткереевич Кушумбаев қол қойды.

Ынтымақтастық болашақ заң мамандарын тәжірибелік даярлауды жетілдіруге, кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға, жастарды құқықтық тәрбиелеуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған. Колледжде «Құқықтану» бөлімі 1991 жылы ашылды. 35 жыл ішінде 2000-нан астам түлек дайындалды. Бөлім ашылған сәттен бастап біздің түлектер ішкі істер органдарында және мемлекеттік мекемелерде табысты еңбек етуде. Кездесу барысында түлектерді полиция бөлімшелеріне жұмысқа орналастыру перспективалары, қоғамдық және жол қауіпсіздігі мәселелері, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің білім беру процесіне қатысуы қарастырылды. Тәлімгерлікке және ардагерлердің кәсіби тәжірибесін болашақ мамандарға беруге ерекше көңіл бөлінеді. Қол қойылған Меморандум колледж бен СҚО полиция департаментінің кадрлар даярлау және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру саласындағы алдағы бірлескен жұмысының негізін айқындайды.