Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде Ұлттық валюта – теңге күні аталып өтті

Колледжде Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні – теңгеге арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны бухгалтерлік бөлімнің оқытушылары Андриевская Л.Н., Аяганова Д.Б. және Галямова Т.В. ұйымдастырып, өткізді.

Іс-шараға қала мектептерінің 80-ге жуық жоғары сынып оқушылары, колледждің әлеуметтік серіктестері – «ForteBank» АҚ және «Арида» ЖШС өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Қонақтар теңгенің қалыптасу тарихымен және оның еліміздің экономикалық тәуелсіздігін нығайтудағы маңызымен танысты. Мерекелік көңіл күйді Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған студенттердің шығармашылық, музыкалық және би өнерлері толықтырды. Сондай-ақ қаржы саласының өкілдері мен бухгалтерлік есеп және аудит қызметкерлеріне арналған құттықтаулар айтылды.

Мектеп оқушылары үшін бұл іс-шара колледжбен және оқу орнында даярланатын барлық мамандықтармен танысуға мүмкіндік берді. Кездесу соңында қонақтарға колледж бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шара танымдық және шығармашылық бағыттарды ұштастыра отырып, теңгенің Қазақстан тәуелсіздігі мен экономикалық дербестігінің маңызды нышаны екенін тағы бір мәрте айқындады.