12.02.2025 жылы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде 3 курс студенттерінің, өндірістік оқыту шеберлерінің және технологиялық бөлімше оқытушыларының қатысуымен мейрамхана ісін оқыту бойынша семинар өтті. Спикер – Сейтжан Оспанов-мейрамхана аудиторы, «CJ brand Company» компаниясының бас директоры, Қазақстан Республикасындағы алғашқы мейрамхана мектебінің негізін қалаушы, Қазақстан аспаздары қауымдастығының және Қазақстан Лигасы Барының құрметті серіктесі.

Кездесу студенттер арасында өте танымдық болып шықты. С. Оспанов мейрамхана бизнесінің негіздері, мейрамханалар мен кафе қызметкерлерінің функционалдық міндеттері туралы айтып, тыңдаушылармен мейрамхана индустриясындағы өзекті нюанстар, трендтер, фишкалар туралы бөлісті.