2026 жылғы 6-8 қазан аралығында Астана қаласы «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК базасында «ASTAUfest-2026» VII Халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті.
Іс-шара кәсіби білім беруді интернационалдандыру, озық тәжірибе алмасу және мәдени дәстүрлерді сақтау мақсатында өткізіледі. Фестиваль Қазақстан мен шет елдердің мамандандырылған оқу орындары мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын біріктіреді. Жұмыстарды Франция (Мишлен титулының иегерлері), Түркия, Корея, Якутия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның халықаралық сарапшылар командасы бағалады.
Солтүстік Қазақстан облысының атынан Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің студенті Владислав Токарев «Аспазшы біліктілігі бойынша жеке кәсіби жарыстар» номинациясында Гран-при жеңіп алды. Студентті өндірістік оқыту шебері Бибігүл Аманбаевна Телемесова дайындады.
Владислав Токарев пен Б. А. Телемесованы кәсіби шеберлігінің жоғары бағасымен құттықтаймыз!