2026 жылғы 6 – 20 қыркүйек аралығында өндірістік оқыту шебері Р. В. Зайков Германияның Пассау қаласында кәсіби қайта даярлау курсынан өтті.
Оқыту шеңберінде «Siemens» компаниясы шығарған «SINUMERIK 840D» басқару жүйесін практикалық игере отырып, СББ станоктарында токарлық өңдеу» бағыты бойынша дайындық жүргізілді.
Қайта даярлау барысында шебер заманауи металл өңдеу жабдықтарында жұмыс істеудің кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын жетілдірді, CББ токарлық станоктарды бағдарламалау және басқару ерекшеліктерін, сондай-ақ токарлық операцияларды ұйымдастыру мен орындаудың заманауи технологияларын зерттеді.
Алынған білім мен практикалық тәжірибе бұдан әрі оқу-өндірістік процесте білім алушылардың дайындық сапасын арттыру және металл өңдеудің заманауи технологиялары бойынша практикалық оқытуды жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.