Бүгін біздің колледжде Білім күніне және жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті!
Бұл күн колледждіміздің табалдырығын алғаш рет аттаған жаңа қабылданған студенттері үшін ерекше толқынысқа толы болды. Студенттік жылдар жарқын жаңалықтар, жаңа достар, кәсіби қалыптасу және үлкен жетістіктер кезеңіне айналсын!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел дамуындағы білім мен жастардың ерекше рөлін бірнеше рет атап өтті:
«Білім – қазіргі адамның басты капиталы, ал білімді және жауапты жастар — Қазақстанның болашағының негізі».
Бүгінгі күн-жаңа бастама, жаңа мақсаттар мен жаңа мүмкіндіктер. Барлық студенттерге табысты оқу жылы, қызықты сабақтар, тамаша нәтижелер және өз қабілеттеріне сенімділік тілейміз!
Жаңа оқу жылымен! Алға-білімге, армандарға және жаңа жеңістерге!