"Types of chemical bonds"

2023 жылғы 8 қыркүйекте Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде “Есеп және аудит ” мамандығы бойынша 112 топтың 1 курс студенттерімен химия пәні бойынша “Химиялық байланыстардың түрлері” атты тақырыбында, химия пәнінің оқытушысы М.Б. Қожахметова ашыұ сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: студенттерді химиялық байланыстардың түрлерімен және олардың анықтамаларымен таныстыру.
Педагог іс– әрекеттің түрлерін дұрыс таңдады: топпен жұмыс жасау, оқулықпен және кестемен жұмыс істеу, тапсырмаларды орындау, міндеттерді орындау мен қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін тиімді болды.
Ашық сабаққа әдіскерлер Т.А. Шаяхметова мен Л. С. Мильская қатысып, жаңа материалды зерделеуде шығармашылық көзқарасты атап өтіп, сабақтарды өткізу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар берді.