«Білім берудегі жасанды интеллект: оқытушы үшін құралдар, тәсілдер және жаңа мүмкіндіктер» республикалық семинары

Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде «Білім берудегі жасанды интеллект: оқытушы үшін құралдар, тәсілдер және жаңа мүмкіндіктер» атты республикалық семинар өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы колледждерінің 100-ден астам педагогтары қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты-білім беру процесінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану саласындағы оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру. Қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру ерекшеліктеріне, оның ішінде құрылыс бейіні колледждерінің қажеттіліктеріне бағдарланған ЖИ-тің заманауи құралдары мен тәжірибелері ұсынылды.

Семинар барысында тәжірибе алмасу, тиімді әдістемелерді, инновациялық шешімдерді және оқытуға ЖИ енгізудің табысты кейстерін талқылау үшін алаң құрылды. Мамандарды даярлау сапасын арттыруға, жеке білім беру траекторияларын дамытуға және студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған цифрлық технологияларды білім беру бағдарламаларына интеграциялау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинарды өткізу ТжКБ жүйесін цифрлық трансформациялау бағытындағы маңызды қадам болды және педагогикалық қоғамдастықтың жасанды интеллекттің заманауи технологияларын игеруге және енгізуге мүдделілігін растады.