Тілдер апталығы

18-25 қыркүйек аралығында Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде тілдер апталығы болып өтті. Апталық бағдарламасы кең ауқымды ж\е әр түрлі формада өткізілді.Ашық сабақтар, сынып сағаттары, радиолинейка, лингвистикалық олимпидалар, облыстық, қалалық іс шараларға қатысты т.б. Апта аясында « Тарих тағылымы»шығарма конкурсы- Қазақ хандығының 550 жылдығына қазақша ж\е орысша оқитын топтар үшін,Қазақстан Конституцияның 20 жылдығына арналған «Ата Заңым Ардақтым» конференция, оқытушылар мен студенттер үшін викторина: «Мемлекеттік тіл менің тілім» өткізілді.Тілдер апталығының аясында дөңгелек үстел оның тақырыбы Абай шығармашылығына арналса, Қазақстан халқының Ассамблеясына 20 жылдығына «Татулықтың тұтқасы-бірліктің бесігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Сонымен қатар бұл апта аясында «Үлкен ел,Үлкен отбасы» мәнерлеп оқудан жарыс өтті.Тілдер аптасының соңғы күні «Бірлігі-берекелі,тірлігі-мерекелі ел» облыстық ХVII фестевалімен жабылды.

Татулықтың тұтқасы-бірліктің бесігі» тақырыбында дөңгелек үстел Қазақстан халқының Ассамблеясына 20 жылдығына арналып «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Хасанова Дилляра Габидулловна шақырылды.Бұл дөңгелек үстелдің маңыздылығы біздіңң мемлекетімізде этниаралық қарым-қатынасты нығайту және сақтау.

Үлкен ел,Үлкен отбасы» мәнерлеп оқудан жарысында колледж студенттері қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде өлең оқып өз жандарынан жазған өлеңдерін оқыды онда ұлы ақындар: М.Жұмабаев , М.Мақатаев және ұлы Абай, Пушкин, Байронның да және қазіргі заманауи авторларының өлеңдері де оқылды.
Бұл аптаның қызықты да есте қаларлық бөлігі «Бірлігі-берекелі,тірлігі-мерекелі ел» облыстық ХVII фестевалі. ӘЦК лингвистикалық пәндерінің оқытушылары дайындаған концерт бағдарламасында қазақ,орыс,татар,жапон тілдерінде әндер айтылып, әр тілде өлеңдер оқылды.Тілдер апталығының қорытындысында үздік педагогтарға СҚО тілдер дамыту бөлімінен алғыс хаттар берілді.