2017 жылдың ақпан айы бойынша колледждегі Ресурстық орталықтың кәсіби бағдарлау жұмысына қатысу

2017 жылдың 22 ақпанда Ресурстық орталықтың маркетологі А.А.Мельникова Явленка №1 орта мектебіне барып келді. А.А.Мельникова 9 сыныпта оқитын оқушылармен әңгіме өткізді. Қызығушылық танытқан оқушыларға және тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарына ПҚЭК мамандықтары және Ресурстық орталықтың курстық дайындық туралы ақпаратпен буклеттер таратылды. (фото 1). Сонымен қатар, маркетолог аудандағы үлкен дүкендердің қабырғаларына колледждің Ресурстық орталығында қысқа мерзімді курстарға қабылдау жүріп жатқаны туралы хабарландыруды орналастырды.
2017 жылдың 24 ақпанда А.А.Мельникова курс тыңдаушысы болуы мүмкін адамдар арасында түсіндірмелі жұмысты өткізу және оларды шақыру мақсатында қалалық «Жұмыс жәрменкесіне» барып қайтты. Осы шарада орта жастағы жұмыссыз халық арасында жұмыс мамандықтары бойынша курстық дайындыққа деген жоғары қызығушылықты аңғарды.(фото 2)