21 желтоқсанда Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде СҚО колледждерінің студенттері арасында «Аспазшы» мамандығы бойынша үздік» өңірлік кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға облысымыздың 11 колледжінің студенттері қатысты. Байқаудың мақсаты: «Аспазшы» біліктілігі бойынша студенттердің кәсіби даярлығын арттыруға, аспаздық өнерді дамытудың перспективалық бағыттарын айқындауға, кәсіби шеберлікті жетілдіруге ықпал ету. Шығармашылық байланыстарды кеңейту және кәсіптік оқыту саласындағы жаңа идеялар мен жетістіктермен алмасу.
Сараптама комиссиясының төрағасы – Сайран Шайсұлтанұлы Хамза, «СҚО мейрамханалар мен мейманханалар иелерінің қауымдастығы» ҚБ төрағасы;
Комиссия мүшелері:
Т.Завгородняя – Т.Завгородняя ЖК
И.Ладырда – Пиццоли мейрамханасының директоры
А.Фролов – СҚО МмМИҚ атқарушы директоры
Д.Зенин – World Skills Республикалық чемпионатының жүлдегері
Байқау қорытындысы бойынша 1-ші орынды Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің студенті Сергей Голец иеленді.
2-ші орын – Новоишимка аграрлық-техникалық колледжінің студенті Анастасия Щука
3-ші орын – И.Даутов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінің студенті Эдуард Лешков