2023 жылғы 26 желтоқсанда технологиялық пәндер оқытушысы О. В. Кононованың жетекшілігімен 427 топтың студенттері Яминская Л., Мерк Д. және Гаража А. «Технолог» мамандығы бойынша 117 топтың 1 курс студенттеріне «Қолдан жасалған кәмпит» дайындау бойынша мастер–класс өткізді.
Мастер-класстың мақсаты: қатысушылардың кәсіби кондитерлік шеберліктің техникасы мен құпияларын аша отырып, қолдан жасалған дәмді және әдемі безендірілген кәмпиттер жасау өнерін меңгеруі.
Студенттер шоколадтың қандай екенін, шыңдау әдістерін білді және шоколад жасаудың қыр-сырын ашты. Мастер-класс соңында қатысушылар дәм татты.
Сондай-ақ, аталған іс-шараға колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері, директордың ОӘБ жөніндегі орынбасарының м.а. Е.А. Қалғанова, әдіскер Т. А. Шаяхметова қатысты.