Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі бүгінгі таңда, өз жұмысында ұрпақ тәжірибесін, кәсіптік білім беру саласында жоғары білікті мамандарды даярлаудағы студенттердің әлеуетін табысты үйлестіретін Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан колледж. Колледж қабырғасында сапалы білім беру қызметтерін алудың тиімді жолдарын табуға мүмкіндік беретін модульдік оқу бағдарламалары, кредиттік-модульдік білім беру және инновациялық технологиялар әзірленіп, іске асырылуда. Біз еңбек нарығының қажеттіліктері мен аймақ экономикасының даму перспективаларын ескере отырып, заманауи мамандарға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес әр студенттің әлеуетін ашуға тырысамыз.