«Құрылыстың болашағы – жастардың қолында»

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

«Құрылыстың болашағы – жастардың қолында»

2023 жылғы 20 желтоқсанда Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде «Құрылыстың болашағы – жастардың қолында» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – танымдық қызметті жандандыру арқылы студенттердің құзыреттілігін арттыру.

Конференция қатысудың екі нысаны бойынша – күндізгі және қашықтықтан (ZOOM платформасы арқылы) пікірталас алаңдары форматында өткізілді.

Барлығы қатысуға 55 өтінім қабылданды.

Конференцияға қазақстандық және шетелдік колледждер мен университеттердің студенттері мен оқытушылары қатысты, атап айтқанда: Жоғары техникалық колледж, Көкшетау қаласы

Қостанай құрылыс колледжі

Түмен индустриалды университеті

Түмен құрылыс индустриясы және қала шаруашылығы техникумы

Екатеринбург, Орал технологиялар және кәсіпкерлік колледжі

Қорған мемлекеттік колледжі

Новосибирск құрылыс-монтаж колледжі

Новосибирск сәулет-құрылыс колледжі

Екатеринбург көлік құрылысы колледжі

Омбы құрылыс және көлік салалық технологиялар колледжі

Оңтүстік Орал мемлекеттік техникалық колледжі, Челябинск

Студенттік конференция келесі бағыттар бойынша 4 пікірталас алаңында өтті:Ғимараттар мен конструкциялардың құрылысы.

Құрылыс конструкцияларын есептеу негіздері.

Құрылыс өндірісінің технологиясы және ұйымдастырылуы.

Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру.

Алаң модераторлары – М.Зелёная, Р.Абилов, О.Ефремова, А.Малюга, Е.Скирда.

Конференция аяқталғаннан кейін студенттер мен басшылар студенттік конференцияға қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды, сондай-ақ «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК сайтында орналастырылған материалдардың электрондық жинағы шығарылды.

Конференция қорытындысы бойынша 2024 жылы Новосибирск қаласының сәулет-құрылыс колледжімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланған.