2022 жылғы 04 желтоқсан – 2022 жылғы 11 желтоқсан аралығында Астана қаласында WorldSkills Kazakhstan 2022 VII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.
Солтүстік Қазақстан облысы атынан «Аспаздық іс» құзыретінде Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің студенті Петров Максим қатысты.
«Аспаздық іс» құзыреті бойынша бүкіл елімізден 19 адам қатысты.
Конкурстық тапсырма бес модульден тұрды:
1. Теңіз өнімдерінен дайындалған тағамдар
2. Брокколи мен балдыркөктен дайындалған езбе көже
3. Равиолимен пеште піскен бақтақ
4. Гарнирімен қой қабырғалары
5. Павловтың десерті
Әр модульдің тапсырмасын орындауды әзірленген критерийлерге сәйкес үш сарапшы бағалады.
WorldSkills Kazakhstan 2022 VII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындысы бойынша Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің технологиялық бөлімінің студенті Петров Максим «Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша «Үздік маман» медальоны иегері атанды.