ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақстандық патриотизмге, Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениетіне төзімділікке тәрбиелеу мақсатында «Бірлік – тұрақтылық пен әл-ауқаттың негізі» дөңгелек үстелі ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараны тарих пәнінің оқытушысы Э.Харитонова ұйымдастырды. Дөңгелек үстел қонақтары: Л.Гривеная – Манаш Қозыбаев атындағы университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Болат Касенович Базарбаев – «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары, Петропавл қ. №8 ОМ 9 сынып оқушылары.
Дөңгелек үстел жұмысына 112, 122, 114, 244, 322-топ студенттері қатысты, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы, ҚХА құрылуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі, облыстық Ассамблеяның қызметі және М.Қозыбаев атындағы университет жанындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының жұмысы жөніндегі мәселелер қаралды. Соңында, барлық қатысушылар Қазақстан халқына тілектерін стикерлерге жазып, оларды ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын бейнелейтін киіз үйге орналастырды.