🎉Бюджеттік орындар конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелерін қуана хабарлаймыз!
Жеңіске жеткен барлық талапкерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – сіздердің жеке еңбектеріңіздің ғана емес, сонымен қатар ата-аналарыңыз, туғандарыңыз бен қамқоршыларыңыздың, сондай-ақ бұрынғы білім ошақтарында білім берген ұстаздарыңыздың да үлкен еңбегінің нәтижесі. Олардың қолдауы мен білімінің арқасында сіздер осындай биікке жеттіңіздер.
📝 Келесі қадамдар?
2025 жылдың 1 қыркүйегі, сағат 10:00-де біз барлық жеңімпаздарды Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің бас ғимараты алдында өтетін салтанатты жиында күтеміз. Бұл сіздің студенттік өмірге алғашқы қадамыңыз!
Жеңімпаздар тізімі карусельде жарияланған. Өзіңіздің аты-жөніңізді тізімнен табыңыз!
-
🏢 Жатақханаға орналасу
Егер сіз жатақханадан орын алуға өтініш берген болсаңыз, бірінші курс студенттері үшін орналасу 2025 жылдың 31 тамызында болады
Сіздермен Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің аясында жүздесуге асықпыз!