Қазақстан Республикасының Конституция күні жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. Дәл осы күні 1995 жылы жалпыұлттық референдумда Тәуелсіз Қазақстанның негізгі заңы қабылданды. Кейінгі өзгерістер мен толықтырулар Конституцияға 1998, 2007 және 2022 жылдары енгізілді.
Конституцияның бірінші бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді, оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.
