«Туым, туған жерім». Осындай атаумен 7 қараша күні Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде «Жас Отан» ЖҚ төрағасы М.Қ.Қайроллаев Абылайханның қатысуымен республикалық акция өтті. Акция осы тәуелсіздік символының мәртебесін арттыруға бағытталған. Ту – халықтың егемендігі мен бірегейлігін білдіретін мемлекеттің басты рәміздерінің бірі.