18 қазан күні колледждің акт залында алғаш рет Халықаралық аспазшылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараға аспаздар мен рестораторлар жиналды. Мейрамхана және қонақ үй саласының 20-дан астам қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды. Біздің колледжге Солтүстік Қазақстан облысының рестораторлар және қонақ үйшілер қауымдастығының мүшелік сертификаты берілді. Мереке концерттік бағдарламамен аяқталды.