Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің басшысы «Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттарын ілгерілету бойынша Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің бейбітшілік және келісім орталығының жұмысы туралы» баяндама жасады.
СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының бейбітшілік және келісім орталығы колледжде 2014 жылы ашылды. Орталық жұмысы аясында этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді тәрбиелеу, мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру, солтүстік өңірдің қызықты адамдарымен шығармашылық кездесулер өткізу, студенттерді адамгершілік, патриоттық тәрбиелеуге бағытталған мәдени-бұқаралық, ақпараттық, танымдық іс-шаралар өткізу мақсатында іс-шаралар өткізіледі.