Түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті

Акт залында Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты шараға мектеп бітірушілердің өздері ғана емес, қуаныштарын бөлісуге туған-туыстары, достары, ұстаздары да келді!
Биыл колледжде 370 студент оқуын аяқтаса, оның 44-і қызыл диплом иегерлері. Түлектер алдында сөз сөйлеген колледж директоры А. Кушумбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев техникалық-экономикалық мамандықтарды дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
– техникалық мамандықтардың беделі артып, инженерлердің, құрылысшылардың, ІТ мамандардың жаңа буынын даярлауға гранттар көбірек бөлінуде. Бұл шаралардың барлығы, әрине, кездесетін қиындықтарды жеңіп, Жаңа Қазақстанды құру үшін қазақстандық жастарға артықшылықтар береді. Студенттік жылдардың жарқын сәттері естеріңізде қалсын! Ұстаздарымыз үздік білім беруге, кәсіби шеберліктерін шыңдауға, өз елінің нағыз патриоттарын тәрбиелеуге тырысты! Сіздердің дағдыларыңызды, қабілеттеріңізді үнемі дамытып, бәсекеге қабілетті және өз салаңызда лайықты жұмысшы болуларыңызға тілектеспін!