«Кітап оқуға құштар колледж»

- «Кітап оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында 23 қыркүйек күні Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде «Поэзия, жан әуені сияқты»акциясы басталды. Оған ақындық сөзге деген махаббатпен біріктірілген бірінші курс студенттері қатысты. Күні бойы студенттер өздерінің сүйікті өлеңдерін оқыды, А.Пушкин, И.Бродский, Ф.Тютчев, С.Есенин, М.Цветаева, М.Лермонтов және басқа ақындардың мәңгі есімізде қалған өлең жолдары айтылды. Мультимедиялық экрандардан орыс ақындарының әндері мен өлеңдерін орындаған әйгілі әншілердің дауыстары естілді. Акция бір деммен өтті. «Поэзия, жан әуені сияқты» барлық қатысушылардың жүректеріне еніп кетті.