Көңілдің асыл пернесі

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің студенттері И.Шухов атындағы Орталық қалалық кітапханада болған Қайролла Мұқановтың 90 жылдығына арналған «Көңілдің асыл пернесі ...» атты іс-шараға қатысты. Студенттер жерлесіміздің өмірбаянымен және шығармашылығымен танысты. Қайролла Мұқановтың шығармашылық жолы туралы бейнеролик көрсетіліп, «Халық қадірлеген қайраткер»тақырыбында кездесуі өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, атақты тұлғалардың үлгісінде патриотизмді тәрбиелеу, өлкетану әдебиетіне тарту болды.