Құрылысшылар күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы

8 тамызда Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің акт залында Құрылысшылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Өңіріміздің құрылысшыларын Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары – Асқар Сақыпкереев, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қайролла Ғалеев құттықтады. Залда мерекенің құрметті қонақтары – Башмаков Анатолий Афанасьевич – «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің бюро мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Президиумының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Президент жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия, 4,5 шақырылымның сенаторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі. Липовой Александр Еговорич – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген энергетикі, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, еңбек ардагерлері: Дядин Алик Мамедович,
Бондарь Владимир Антонович, Дорошенко Валерий Иванович. Құрылысшылар күніне орай құрылыс саласының 55 қызметкері Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды. Саланың дамуына сүбелі үлес қосқан 19 құрылысшы «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.




Пікір үстеу