Мыңдаған жылдар бұрын ұлы Юлий Цезарь былай деген: «Білім - күш!». Ал бүгін Білім күні – әрбір бала мен ересек үшін маңызды, күтілетін және өте қызықты мереке. Ал бүгін Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі 375 бірінші курс студенттеріне қайта есігін айқара ашты. Колледж директоры студенттерді құттықтады. Салтанатты жиыннан кейін оқушыларға «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында жалпыұлттық патриоттық және азаматтық сабағы өтті.