Кәсіптік бағдар беру

2023 жылғы 17-26 қаңтар аралығында кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу және болашақ талапкерлерді тарту мақсатында колледж оқытушылары Солтүстік Қазақстан облысының аудандық мектептеріне баруды жүзеге асырды. Сапар барысында Аққайың, Есіл, Тайынша, Қызылжар аудандарының 26 мектебі қамтылды. Ақпараттық жұмыс жүргізіліп, 8-11 сынып оқушыларына 2 895 буклет таратылды.