«Даланың дана ойшылы»

1 ақпанда колледж кітапханасының қызметкерлері И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханамен бірлесіп @shuhov_kitapkhana қазақтың ұлы биі -Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл толуына арналған «Даланың дана ойшылы» тарихи портретін өткізді.

Іс-шараның мақсаты: ұлы саясаткер Төле бидің қызметін насихаттау, жас ұрпақты оның өмірбаянымен және шешендік өнерімен таныстыру.

Іс-шара барысында жүргізуші қазақтың аса көрнекті қоғам және саяси қайраткері, дипломат, шешен, «Жеті жарғы» заңдар жинағы авторларының бірі, ұлы жүз биінің өмірбаяны, оның мемлекеттік істердегі қызметі, даулардағы әділ шешімдері туралы айтып берді. «Төле би – аса көрнекті қоғам қайраткері» бейнефильмі көрсетілді, онда Төле бидің басқа да ұлы билермен қатар қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік үшін күресіне зор үлес қосқан Қазыбек би мен Әйтеке бидің ерекше және аңызға айналған қызметі туралы айтылды.

Студенттер Төле би туралы тарихи анықтаманы үлкен қызығушылықпен тыңдап, осы тақырып бойынша белсенді сұрақтар қойды, сондай-ақ «Ұлы билер» тақырыбындағы викторинаға белсенді қатысты.