WorldSkills Kazakhstan 2023

27 қарашада Астана қаласында WorldSkills Kazakhstan 2023 VIII Республикалық чемпионаты аяқталды

Чемпионат қорытындысы бойынша Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің студенттері жоғары нәтиже көрсетті:

«Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша Сергей Смирнов қола медалін жеңіп алды

«Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша Зенин Данил медальонмен марапатталды

«Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша 2 курс студенті Тулеш Эльдар қатысушы сертификатымен марапатталды.

Балаларды республикалық чемпионатқа сәтті қатысуымен құттықтаймыз, одан әрі жеңістері көп болсын!