@bibl_vsek #Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай.

Кітапхананың оқу залында атақты ақын, ХХ ғасырдың басындағы жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Мағжан мұрасы – мәңгілік» атты иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылды. М. Жұмабаев қазақ әдебиетіне ақын, публицист, әдебиет тарихшысы, аудармашы және педагог ретінде елеулі үлес қосты.

«Мағжан мұрасы – мәңгілік» атты кітап көрмесі энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалықтар, көркем әдебиет және ол туралы әдебиеттер материалдарымен ұсынылған.

Кітап көрмесінің мақсаты – ұлы қайраткердің еңбектерін жан-жақты насихаттау, оқырмандарды М.Жұмабаевтың әдеби мұрасымен таныстыру.