ВСЭК студенттері – «Саналы ұрпақ: адалдық аумағы» жастар слетінің жеңімпаздары
2026 жылғы 20 қарашада «Саналы ұрпақ: адалдық аумағы» жастар слеті аясында Солтүстік Қазақстан облысының алты колледжінің студенттері қатысқан зияткерлік ойын өтті.
Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің (ЖҚЭК) намысын «Құқықтану» мамандығының студенттерінен құралған команда қорғап, байқау кезеңдерінің қорытындысы бойынша I орынға ие болды.
Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша білімдерін, шығармашылық қабілеттерін, бастамашылдығын, топпен жұмыс істеу дағдыларын және өз ұстанымдарын дәлелді түрде қорғау шеберлігін көрсету міндеті қойылды.
Іс-шара бағдарламасы төрт конкурстық кезеңнен тұрды:
• «Сыбайлас жемқорлық: бір таңдаудың құны» тақырыбында әлеуметтік бейнеролик әзірлеу;
• «Таңдау жағдайы» атты театрландырылған қойылым;
• «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» авторлық жобасын қорғау;
• «Антикоррупциялық IQ» зияткерлік викторинасы.
Іс-шара қорытындысы бойынша ЖҚЭК командасы жеңімпаз атанды. Команда капитаны, 214-топ студенті Денис Суханов іс-шараға белсенді қатысқаны және оны өткізуге қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.
Бұл жеңіс студенттердің ұйымшыл командалық жұмысының, жоғары дайындық деңгейінің және алға қойылған міндеттерге жауапкершілікпен қарауының нәтижесі болды.
Студенттерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға, жаңа жетістіктерге және кәсіби өсуге тілектеспіз!
Құқықтық мәдениетті, адалдықты және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру – жауапты әрі белсенді ұрпақ тәрбиелеудің маңызды құрамдас бөлігі.