2026 жылғы 26 ақпанда «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК СҚО Білім басқармасымен бірлесіп Junior Skills облыстық чемпионатын өткізді.
Чемпионаттың мақсаты: IT-сала саласындағы Junior Skills чемпионатына қатысу арқылы оқушылардың заманауи кәсіби құзыреттіліктерін игеру, сондай-ақ болашақ мамандықты саналы түрде таңдау үшін назар аудару.
Чемпионат «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша офлайн форматта өтті. Чемпионатқа облыс оқушылары саны 22 адам қатысты.
І дәрежелі дипломмен «Бірінші гимназия» КММ Кадышева Александра Дмитриевна, ІІ дәрежелі «ЖҚЭК» КМҚК Одинцова Виктория Максимовна, ІІІ дәрежелі «Бест гимназиясы» КММ Варламов Савелий және «Бірінші гимназия» КММ Разов Тимофей Дмитриевич марапатталды. Сондай-ақ, қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
