2026 жылғы 11–12 ақпанда «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде» КМҚК «Кондитерлік іс» және «Аспаздық іс» құзыреттіліктері бойынша WorldSkills кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Байқауға технология бөлімінің II курсынан 18 студент қатысты.
«Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша қатысушылар WorldSkills стандарттарына сәйкес «Флора және фауна» тақырыбында екі модуль орындады:
- Бал қосылған торт;
- Мастикадан жасалған мүсінше.
Жеңімпаздар:
I орын – Касимова Снежана және Пороховик Милана;
II орын – Трегубова Наталья;
III орын – Шарипова Диана.
«Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша қатысушылар WorldSkills стандарттарына сәйкес екі модуль орындады:
- Жүгері мен асқабақтан дайындалған крем-сорпа;
- Екі гарнирмен: равиоли және көкөніс гарнирі ұсынылған балық филесі.
Жеңімпаздар:
I орын – Токарев Владислав;
II орын – Зорин Артем;
III орын – Ковзалова Карина және Чернышова Алина.
Қатысушылардың жұмыстарын әлеуметтік серіктестер қатарынан құрылған тәуелсіз сарапшылар комиссиясы бағалады:
- Хамза Сайран Шайсұлтанұлы – СҚО Рестораторлар мен қонақүй иелері қауымдастығының төрағасы;
- Фролов Андрей Евгеньевич – СҚО Рестораторлар мен қонақүй иелері қауымдастығының атқарушы директоры;
- Казиева Людмила Анатольевна – «Той Думан» мейрамханасының бас аспазы;
- Рубан Лариса Леонидовна – «Сластена» кондитерлік фирмасының директоры;
- Жумалеева Алена Владимировна – «Itakeli» мейрамханасының директоры;
- Толокулов Адилет Бектурсунович – «Tabiti» мейрамханасының бас аспазы;
- Каргабаев Каиржан Орынбаевич – «Royal Palace» мейрамханасының бас аспазы.
