2025 жылғы 12 қарашада «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен Солтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Келісім серіктестік қатынастарды дамытуға, тәжірибе алмасуға және студенттерді тәжірибелік даярлау үшін мүмкіндіктер жасауға бағытталған.
Бірлескен жұмыс білім беру мен кәсіби саланың өзара іс-қимылын нығайтуға, сондай-ақ болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді