#5қыркүйек-Қазақстанхалқытілдерініңкүні
2025 жылдың 05 қыркүйегінде Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде кітапхана мен «Абылай хан резиденциясы» – музей кешенінің @muzeinyi қызметкері Хаймолдина А.Н. бірлесе, тілдер күніне орай «Ахмет Байтұрсынұлының тіл дамуындағы қосқан үлесі» атты тарихи сағат өткізді.
Оған Құқық бөлімінің 134-топ студенттері қатысты.
Іс-шара мақсаты: колледж студенттерін ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі, тіл дамуындағы еңбектерінің жазылу тарихы, Алаш қайраткері ретінде ел тарихына қосқан үлесімен таныстыру.
