2025 жылдың 15 сәуірінде жоғары құрылыс колледжінің базасында жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Аспаз ісі»  құзыреттілігі бойынша WorldSkills өңірлік чемпионаты өтті.

Жарысқа Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының колледждерінен 10 студент қатысты. Қатысушылар кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін, креативті тәсілді және аспаздық өнер саласындағы заманауи технологияларды сенімді меңгергендігін көрсетті.

Конкурстық тапсырмаларды бағалауды құрамына құрметті әлеуметтік серіктестер кіретін тәуелсіз сараптау комиссиясы жүргізді:

Хамза С.Ш. – рестораторлар мен қонақүйлер қауымдастығының төрағасы (РжҚҚ);

Завгородняя Т.П. – «Хуторок» кафесінің директоры

Жумалеева А.В. – «Itakeli» мейрамханасының  директоры

Клишина О.Г. – РжҚҚ сарапшы,

Дубинин Ю.А. – халықаралық деңгейдегі шебер, Қазақстан аспазшылар қауымдастығының мүшесі.

Мұндай іс-шаралар кәсіптік білім беруді дамытуда шешуші рөл атқарады, индустриялық серіктестермен байланысты нығайтуға ықпал етеді және жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттырады.