2025 жылғы 27 ақпанда жұмысшы мамандықтар жылы, технологиялық пәндер апталығы аясында дәстүрлі орыс мерекесі – Масленицаға арналған аспаздық өнімдердің жәрмеңке-сатылымы ұйымдастырылды. Өндірістік оқыту шеберлерінің жетекшілігімен 347-топ студенттерінің қатысуымен мерекенің мәдени және халықтық дәстүрлерімен байланысты түрлі қоспалары бар құймақтар, алуан түрлі бұйымдардың кең ассортименті ұсынылды.
