20 ақпанда Жоғары құрылыс- экономикалық колледждің акт залында жұмысшы мамандықтар жылының салтанатты ашылуы өтті. Колледж басшысы құттықтау сөз сөйледі. Астана қаласында өткен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінің студенттері мен қатысушылары сапар туралы өз әсерлерімен бөлісіп, бейнеролик көрсетті. Сол күні колледжде жұмысшы мамандықтар жылы аясында келесі іс-шаралар өткізілді: Жыл сайынғы «Құрылыстың болашағы жастардың қолында» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan чемпионатының колледжішілік кезеңі, жалпы білім беру циклінің бірқатар іс-шаралары және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу шеңберіндегі іс-шаралар: «Логика қайда?» физика-математика ойыны, «Travelling to London» бейне-экскурсиясы, Алғыс айту күніне арналған «Менің туған өлкем менің жүрегімде!» атты Қазақстанда тұратын түрлі этностардың өкілдері – студенттерді құттықтау челленджі басталады. Салтанатты ашылу жарқын музыкалық нөмірлермен аяқталды.
