2024 жылғы 02-10 желтоқсан аралығында колледжде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 1 курс студенттері арасында мемлекеттік және орыс тілдерінде «Тәуелсіздікке қол жеткізу» эссе байқауы өтті. Конкурстың ұйымдастырушысы – колледждің Лингвистикалық орталығы.
Аталған іс-шараның мақсаты патриотизм сезімін нығайту, студент жастардың шығармашылық әлеуетін, лингвистикалық капиталын, Тәуелсіз Қазақстанға деген мақтаныш сезімін, Тәуелсіздік, Бейбітшілік және қоғамдық келісім идеяларын дамыту болды.
Байқауға қатысушылардың жұмысын қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті оқытушылары тексерді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
– мемлекеттік тілде:
І дәрежелі Диплом – Р.Н. Байбусинов, 113 тобының студенті (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Т.А. Шаяхметова).
ІІ дәрежелі Диплом –- И.Н. Биркенова, тобының студенті. (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Б.О. Бектенова).
ІІІ дәрежелі Диплом – Е.О. Замшитов, 133 тобының студенті (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы К.Б. Жандильдина).
– орыс тілінде:
І дәрежелі Диплом – А.М. Теймурова, 127 тобының студенті. (жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы К.Ф. Пушкарева).
ІІ дәрежелі Диплом – У.С. Буркова, 114 тобының студенті (жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Имантаева А.К.).
ІІІ дәрежелі Диплом – Гучинский А. Д., 117 тобының студенті. (жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Имантаева А.К.).



