2024 жылдың 20 қарашасында Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде бухгалтерлік бөлім оқытушылары Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Ұлттық теңге – Тәуелсіздігіміздің нышаны» атты іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты:

– Қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен және оның қоғамның бейбітшілікте  өмір сүруі мен дамуына қосқан үлесімен таныстыру.

– Этносаралық келісімнің маңыздылығын түсінуді және мәдени алуан түрлілікті құрметтеуді арттыру.

– Толерантты қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал ету.

Қазақстанда 19 млн-ға жуық адам, 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір отбасында тұрады. Біз, барлық ұлттардың адамдарын ортақ, аса маңызды ұғымдардың бірі: Біз Қазақстан халқымыз! Бұл ретте Қазақстан-мәдениеттер мен діндердің алуан түрлігі бар бірегей мемлекет.

Аталған іс-шараға қала мектептердің оқушылары, студенттері,ұстаздар, сондай-ақ шақырылған қонақ «Коперник «Солтүстік Қазақстан облыстық поляк мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубының төрағасы Корнева Валентина Юлюсьевна қатысты.

Іс-шара колледж студенттері мен қонақтарына Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы білімдерін кеңейтуге, отансүйгіштік, ұйымшылдық және толеранттылық сезімдерін нығайтуға мүмкіндік берді.

Бухгалтерлік бөлімінің ұстаздары.