Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің құрылыс мамандықтарының студенттері мен еріктілері құрылыс отрядтарының құрамында 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен адамдарға үйлер салды, эвакуациялық пунктте, гуманитарлық көмекті түсіруде, бөгет салу мен нығайтуда белсенді жұмыс істеді. 2024 жылғы 01 қараша күні «Ауыл» партиясы өкілдерінің колледж студенттерімен кездесуі өтті, онда ең белсенді студенттер ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің және «Ауыл» партиясының алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, спикерлер аудиторияны пайдалана отырып, әлеуметтік маңызы бар стартап-жобалар, студенттік кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, алаяқтықтың алдын алу және құрылыс отрядтарының қызметі туралы айтып берді.