«Өткенсіз болашақ болмайды»

Петропавл құрылыс-экономикалық институты кітапханасының оқу залында Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде «Өткенсіз болашақ жоқ» атты ақпараттық сағат өтті.

Іс-шараға құқықтану кафедрасының 114 топ студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты: салт-дәстүрді қастерлеу, ел тарихын зерделеу және бізге орасан зор мәдени-рухани мұра қалдырған ата-бабаларға тағзым ету.

Оқушыларға «Ұлы даланың жеті қыры» атты бейнероликті көру ұсынылып, слайд көрсетілді. Кітапхана қызметкерлері студенттерді Қазақстан тарихы бойынша бар әдебиеттермен таныстырды.