Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде «Құқықтану» бөлімі студенттерінің «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының басшысы Айгуль Сабыровна Нурахметовамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы мәселелер бойынша кездесуі өтті. Аталған іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жетілдіру және қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
Айгуль Сабыровна сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелеріне және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу шараларына тоқталды. Соңында жастарды осы күреске белсенді қатысуға шақырды.