Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт

5 қазан күні колледждің акт залында Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Салтанатты шараға ардагерлер, педагогикалық ұжым және колледж студенттері қатысты. Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі ұжымын құттықтауға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының әскери оркестрі, Ақан сері атындағы облыстық филармонияның «Мәңгілік» би ансамблі, «Белканто» ішекті аспаптар квартеті келді. Колледж студенттері сүйікті ұстаздарына шығармашылық қойылымдарын ұсынды.