Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін! Наурыз – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Шығыс халықтарына ортақ үлкен мейрам Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын!

Бүгін біз бір-бірімізді осы тамаша мерекемен құттықтап қана қоймай, Наурыз мейрамы апталығын қорытындылаймыз. Марапаттауды бастауға рұқсат етіңіздер. Дипломдар мен Алғыс хаттарды табыстау үшін Асия Жантуяковна Сабралинаны шақырамыз.

«Наурыз» мейрамына арналған «Этно Style» фото-конкурсына қатысқаны үшін марапатталады

– 3 дәрежелі дипломмен Құрылыс бөлімі

– 3 дәрежелі дипломмен Білікті жұмысшы кадрлары бөлімі

– 2 дәрежелі дипломмен «Құқықтану» бөлімі

– 1 дәрежелі дипломмен Технологиялық бөлім

– 1 дәрежелі дипломмен Бухгалтерлік бөлім

«Наурыз – көктем мерекесі» сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесіне қатысқаны үшін марапатталады

– «Ұлттық бірегейлікті сақтау» номинациясы бойынша Бухгалтерлік бөлім

– «Әз-Наурыз» номинациясы бойынша Білікті жұмысшы кадрлары бөлімі

– «Хан ауылы» номинациясы бойынша «Құқықтану» бөлімі

– «Ұлттық салт-дәстүр» номинациясы бойынша Технологиялық бөлім

– «Көрермендер ілтипаты» номинациясы бойынша Құрылыс бөлімі

Құттықтаймыз!

 «Көрісу күні» бейне құттықтауын ресімдегені үшін Алғыс хатпен марапатталды

– «Құқықтану» бөлімі

– Технологиялық бөлім

– Бухгалтерлік бөлім

– Білікті жұмысшы кадрлары бөлімі

– Құрылыс бөлімі

Наурыз – мол дастархан мен концерттер ғана емес, сонымен қатар керемет спорттық компонент.

Наурыз мейрамына арналған спорттық эстафетаға қатысқаны үшін марапатталады

  • 3-ші орын алғаны үшін дипломмен Бухгалтерлік бөлімнің командасы
  • 2-ші орын алғаны үшін Технологиялық бөлімнің командасы
  • 1-ші орын алғаны үшін Құрылыс бөлімінің командасы

15 наурызда тоғызқұмалақтан достық турнир өтті. Турнирге қатысқаны үшін Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығының алғыс хаттарымен марапатталады:

– Ракымжан Аружан

– Иманжанов Ерканат

– Шаймерден Куаныш

– Нарбеков Диас

– Ветелкина Юлия

– Малых Елена

– Канатчина Айымгуль

Солтүстік Қазақстан облысының колледж студенттері арасында Сұңқар облыстық спартакиадасының грамоталарымен қысқы көпсайыста үшінші орын алғаны үшін марапатталады:

– Евсеев Константин

– Судьин Александр

– Вавильченко Илья

– Бруяко Александр

– Опрышко Дарья

– Исаева Алина

– Пипко Виктория

– Гонтарь Светлана

Солтүстік Қазақстан облысының колледж студенттері арасында Сұңқар облыстық спартакиадасының грамоталарымен үстел теннисінде үшінші орын алғаны үшін марапатталады:

– Рындина Виктория

– Пушкарева Карина