Құрметті ханымдар!

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Колледжіміздің студенттік ұжымын 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Көктемнің алғашқы мерекесі қарсаңында әрқашан өзіңіздің ең жақсы қасиеттеріңіздің - сұлулық пен әйелдіктің, нәзіктік пен қамқорлықтың бейнесі болып қала беруіңізді тілеймін. Табиғат сізге ақыл, шыдамдылық және нәзіктік сыйлады.

Біздің жоғары технологиялар ғасырында әйелдер әртүрлі салаларда ерлермен тең дәрежеде табысты жұмыс істейді! Біздің колледжде алған біліміңіз сіздің мансаптық өсуіңізге жылдам бастау беруіне тілектеспін.

Шын жүректен, қымбатты қыздар, сіздерге зор денсаулық, сарқылмас қуат, өмірдегі бақытты сәттер, шаңырақтарыңызға береке мен келісім тілеймін! Әдемі және дана болып қала беріңіз. Көктем әрқашан жаныңда гүлдей берсін. Қуаныш, денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, әдемі жүздеріңізден күлкі кетпесін!