Сізді еліміздің ең жоғары марапаттарының бірі — «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мәртебелі награданы Мемлекет Басшысының қолынан алу — Сіздің көпжылдық адал еңбегіңіздің, жоғары кәсібилігіңіздің және білім беру саласына қосқан зор үлесіңіздің жарқын дәлелі. Сіздің педагогикалық шеберлігіңіз, ізденімпаздығыңыз және шәкірттерге деген шексіз сүйіспеншілігіңіз – барша ұстаздарға үлгі.
Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі Сізбен мақтанады! Сіздің жетістігіңіз — бүкіл ұжымның ортақ қуанышы және біздің оқу орнымыздың беделін одан әрі арттыра түсетіні сөзсіз.
Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, жаңа белестер мен шабыт тілеймін! Еңбегіңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңізбен бірге биік асуларды бағындыра беріңіз!
